БАҚ күніне және команданың тұсаукесеріне шақыру

01.10.2018

Құрметті журналистер, блогерлер және жанкүйерлер!

Сейсенбі күні, 2 қазанда сағат 15:00-де, «Сары-Арқа» велотрегінде «Астана» баскетбол клубының жаңа 2018/2019 жылдар маусымының басталуына арналған дәстүрлі медиа-шарасы өтеді.

Аталған шара аясында «Астана» баскетбол клубы ойыншыларының және бас бапкері Эмиль Райковичтің қатысуымен баспасөз жиынын, қолтаңба алу рәсімін және кофе-брейк өткізу жоспарланып отыр.

Шара кестесі:

15:00 – 15:30: «Астана» ПКСК бас директоры Асқар Баталовтың, «Астана» ПБК бас менеджері Валерий Тихоненконың, «Астана» ПБК бас бапкері Эмиль Райковичтің және капитаны Рустам Ерғалидың қатысуымен баспасөз жиыны.

16.00 – 17:00: Ойыншылармен бірге шәй ішіп, тілдесу.

БАҚ өкілдерінен қызметтік байланыс деректерін төмендегі электронды мекенжайға жіберулерін өтінеміз: pr@pbcastana.kz. Байланысушы тұлға – пресс-атташе Әсем Міржекеева, тел. +7-705-107-98-40

Дереккөз: pbcastana.kz

Бөлісу: