"Олимпиада үміті" Гран-приіне қатыс

04.09.2019

2019 жылдың 21 қыркүйегінде «Сарыарқа» велотрегінде мектеп жасына дейінгі балалар арасында велосипед спортынан «Олимпиада үміті» Гран-приі өтеді.

Аталған іс-шараның мақсаты  – велосипед  спортын халық арасында насихаттау және дамыту, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеу.

Іс-шара барысында 100 метрге велосипедпен жарыс, шеберлік сағаттары өткізіліп, Орталықтағы секция тәрбиеленушілері көрсетілімдер ұсынады. Сайыс қатысушылары мен қонақтарын аниматорлар өнері мен мерекеміздің демеушілерінен ұтыс ойындары күтеді.

Сайысқа келесі  4 санат бойынша  5-6 жастағы балалар қатысады:

  • Қыз балалар – 5 жас;
  • Ер балалар – 5 жас;
  • Қыз балалар – 6 жас;
  • Ер балалар – 6 жас.

12 жүлделі орын иегерлеріне Велотрек әкімшілігі ұсынатын сыйлықтар табысталады:

1 орын – Велосипед;

2 орын – Роликті коньки;

3 орын – Дулыға.

Сондай-ақ, әрбір қатысушы естелік сыйлыққа ие болады!

P.S. Сайысқа қатысу тегін!

Сайысқа қатысу үшін 2019 жылдың 17 қыркүйегіне дейін келесі электронды поштаға өтінім жібере аласыз: velotreksaryarka@mail.ru немесе +7 (7172) 7071 52; +7 707 369 93 11 нөмерлеріне хабарласыңыз.

Сайысқа қатысудың басты талаптары:

  • Қатысуға өтінім беру;
  • Сайысқа қатысуға рұқсат беретін дәрігерден медициналық анықтама немесе баланың денсаулығының жарамдылығын растайтын анықтама;
  • Туу туралы куәлігінің көшірмесі.

Мектепке дейінгі жастағы балалар арасында велосипед спортынан «Олимпада үміті» Гран-приіне қатысу үшін ӨТІНІМ

Регламент

Бөлісу: