«Олимпиадалық үміт» жарысына қатысыңыз!

23.08.2018

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының
«Олимпиадалық үміт» атты Бас жүлдесі

2018 жылдың 15 қыркүйегінде «Сарыарқа» республикалық велотрегінде мектепке дейінгі балалар арасында велосипед спорты бойынша жыл сайын дәстүрлі түрде ІІ «Олимпадалық үміт» жарысы өтеді. Жеңімпаздар велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының арнайы жүлдесіне ие болады.

Бүгінде біз үшін түрлі шараларды ұйымдастыру зор мәртебеге айналды. Елімізде жасөспірімдер арасында велосипед спортын дамыту, оның танымалдылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2016 жылы олимпиадалық даярлау орталығы әкімшілігінің ұйымдастыруымен аталмыш шара тиісті деңгейде өтті. Шараға 150-қа жуық балалар қатысты, 500-ге жуық көрермендер мен меймандар жиналды.

«Олимпиадалық үміт» жарысында Қазақстанның велоспорт Федерациясы, «Раимбек Ботлерс» корпорациясы, «Менар» оқыту орталығы, «Ваниль» кондитері және «KazTube» бейнехостингі қолдау көрсетіп, демеушілік етті.

Биылғы жылы бағдарлама бойынша баршаны 100 метр қашықтықтағы велосипед жарысы, аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасы, шеберлік сыныбы, сыйлықтар,  шара демеушілері ұсынған ұтыс ойындарының сыйлығы күтілуде. Сондай-ақ жүлделі орындарды иеленген жандар Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының әкімшілігі атынан түрлі сыйлықтармен көтермеленеді.

Жарысқа 5-6 жастағы  бүлдіршін 4 санат бойынша қатысуға шақырылады. Шараға қатысу үшін медициналық анықтама, жарысқа жіберу туралы мектепке дейінгі мекемедегі дәрігердің рұқсаты, спорттық форма, қатысатыны туралы өтінім болуы қажет.

Өтінім 10 қыркүйекке дейін velotreksaryarka@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады. Қатысу тегін.

Жарыстың ұйымдастырушысы «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК.

Өтетін орны: «Сарыарқа» велотрегі, Қабанбай батыр даңғылы 45 А.

БАҚ-да аккредиттеу сұрағы бойынша байланыс телефоны: 8 (7172) 70 71 52, 8 (775) 826 76 79.

Жарысқа қатысу сұрағы бойынша байланыс телефоны: 8 (7172) 70 71 52, 8 (775) 456 51 00, 8 (775) 674 69 61.

ӨТІНІМ «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК арнайы жүлдесіне арналған мектепке дейінгі балалар арасында велосипед спорты бойынша «Олимпадалық үміт» жарысына қатысу үшін

Регламент - 1

Регламент - 2

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызметі 

Бөлісу: