Брно Гран-приінде жүлделі орын!

17.06.2019

Ағымдағы жылы 16 маусымда Велосипед спорты бойынша олимпиадалық даярлық орталығының велосипедшісі Сафаров Александр Гран-приде (Чехия) юниорлар арасындағы кейрин бойынша 3 орынды иеленді.

Гран-при Брно қаласында Дукла Брно велотрегінде өткен. Бұл 400 м жер асты өтпесі және жарықтандыруы бар ашық бетон велодром. Велодромда 1969 жылы тректегі велоспорт бойынша әлем чемпионаты және 1981 жылы тректегі велоспорт бойынша әлем чемпионаты өткен. Қазіргі уақытқа дейін велодром 1969 жылғы қалпын сақтап қалған және TJ Favorit Brno велосипед клубы үшін жұмыс жасайды, сонымен қатар, әр түрлі концерттер мен қойылымдар өткізуге арналған орын болып табылады.

Александрды құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!

Велоспорт бойынша ОДО Баспасөз қызметі


Бөлісу: