Таеквондо секциясының спортшылары жүлделі орындарды иеленді

30.04.2019

26-28 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында Пекин Олимпиадасы ойындарының қола жүлдегері Арман Чилмановтың жүлдесі үшін таеквондодан халықаралық турнир өтті.

Дүбірлі додаға 700 спортшы қатысты. Екі күндік тартысты бәсекенің нәтижесінде орталықтағы таеквондо секциясының спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді.

Айбар Жұматай (55 келі) пен Мереуерт Көполсынова (67 келі) 1 орынды қанжығасына байлады. Ал Гүлдана Жұматай (57 келі) 2 орынды, Айнұр Меделбек (49 келі) 3 орынды місе тұтты.

Ендеше, жеңімпаз ұл-қыздар мен бапкерді үздік нәтижемен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары әрі шығар белестері көп болсын! 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі


Бөлісу: