Велосипедшілерді жолда қырағылық көрсетуге шақырамыз!

26.04.2017

Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы велосипедшілерді жолда қырағылық көрсетуге шақырады!

2017 жылдың 26-сәуірінде «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның конференц- залында «Жол жүру ережелері. Жолдарда, қала жолдарында және оның сыртында ережелерді сақтау» тақырыбына пресс-конференция өтті. Брифинг тас жолдағы велосипедшілер маусымының ашылу қарсаңында және жолдарда жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында жүргізілді.

Жол жүру ережелерінен ақпарат:

Велосипедтердің, мопедтердің, көлік арбалардың қозғалысына, сондай-ақ мал айдауға қойылатын қосымша талаптар

Велосипедтер, мопедтер, көлік арба (шана), адам мінген және жүк артылған көлік-малы, егер бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмейтін болса, оң жақ шеткі жол жолағымен, мүмкіндігінше оңға таман бір қатармен қозғалуы тиіс.

Велосипедшілер колонналары жүріс бөлігі бойымен қозғалған кезде он велосипедші болып топқа бөлінуі тиіс. Басып зуды жеңілдету үшін топтардың ара қашықтығы сексен- жүз метр болуы тиіс.

Велосипед пен мопед жүргізушілеріне:

1) ең болмағанда бір қолымен рульден ұстамай жүруге;

2) жолаушыларды тасымалдауға;

3) көлемінің ұзындығынан немесе енінен 0,5 м артық шығып тұратын жүктерді немесе басқаруға кедергі келтіретін жүктерді тасымалдауға;

4) қатарында велосипед жолы болғанда жол бойымен қозғалуға;

5) трамвай қозғалысы бар және осы бағытқа қозғалу үшін бір жол жолағынан артық болғанда солға бұрылуға немесе кері бұрулыға тыйым салынады.

6) велосипед және мопедтің пайдалануына арналған тіркемеден басқа велосипедтерді және мопедтерді, сондай-ақ велосипедпен және мопедпен сүйретуге тыйым салынады.

Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан, реттелмейтін өтпесінде велосипед пен мопедтердің жүргізушілері осы жолмен қозғалып келе жатқан көлік құралдарына жол беруі тиіс.

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК-ның баспа қызметі


Бөлісу: