Жүгіруден қайырымдылық акциясы өтті

06.10.2018

6 қазанда Астана қаласында «Столичный» саябағында белгілі спорт журналисті Галина Полевойды қолдау мақсатында жеңіл атлетикалық жүгіруден қайырымдылық акциясы өтті.

Қазіргі таңда журналистиканың ардагері ауыр дертпен күресуде. Сондықтан Галина Полевойға шет елде қымбат ота жасалынбақ. Аталмыш акцияға БАҚ өкілдері, ведомствоға қарасты ұйымдардың, сондай-ақ, велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Акциядан жиналған қаражат Галина Полевойдың отбасына беріледі.

Бөлісу: