Садақ атудан I Республикалық ашық турнирі өтті

06.12.2019

2019 жылдың 5 желтоқсанында «Сарыарқа» велотрегінің ғимаратында садақ ату бойынша бірінші Республикалық ашық турнир өткізілді. Сайыстың басты ұйымдастырушылары ретінде ҚР Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы мен Республикалық дәстүрлі садақ ату Федерациясы танылады.

Турнирге еліміздің әр өңірінен – Ақмола, Қызылорда облыстары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Атырау, Талдықорған қалаларынан келген спортышлар қатысты. Сондай-ақ, спорттық іс-шарада Польша мен Башқұрстаннан келген қонақтарымыз да бақтарын сынады. Олар «Әйелдер» және «Ерлер» санаттары бойынша сайысқа түсті.

Жарыс қортындысы бойынша:

Ерлер арасында:

1 орын – Тапенов Ербол;

2 орын – Нуртаев Азамат;

3 орын – Ахметов Диас.

Среди женщин:

1 орын – Тарыца Анжела;

2 орын– Ни Юлия;

3 орын – Сматаева Мадина.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы сындарға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: