«Қазақстан – спорттық ел!» турнирі өтті

01.10.2018

2018 жылдың 29 қыркүйегінде «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде жыл сайынғы «Қазақстан – спорттық ел!» турнирі өтті.

Шараның басты мақсаты – елімізде бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттау.

Осыған орай 36 бастауыш партия ұйымдары жиналып, футбол, волейбол, үстел теннисі және шахматтан өзара бақ сынасты.

Жарыс барысында спортқа деген қарым-қабілетін көрсетіп, ойынның көркін қыздырған, жеңіске жетуге барлық күш-жігерін салған командалар жүлделі орындарды иеленді. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен көтермеленді.

Жеңімпаз командалар тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

Шахмат

1 орын – Қаржыгер;

2 орын – Асу;

3 орын – Самғау;

Үстел теннисі

1 орын – Мәдениет;

2 орын – Қаржыгер;

3 орын – Қалқан;

Волейбол

1 орын – Президент әкімшілігі;

2 орын – Даз УМТО;

3 орын – Қалқан;

Футбол

1 орын – Самғау;

2 орын – Салауат өмір;

3 орын – Ақпарат;

«Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: