Балалар арасында жүзуден «Юный дельфин» жарысы өтті

08.12.2018

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай 2018 жылдың 8 желтоқсанында «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен «Сарыарқа» фитнес орталығында балалар арасындағы «Юный дельфин» турнирі өтті. 

«Юный дельфин» - жыл сайын дәстүрлі түрде тәрбиеленушілер арасында өтетін жүзу бойынша турнир болып табылады. Жарыс суда жүзетін ең мықты жандарды анықтауға және өз еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндік береді. 

Аталмыш турнирге 7 жастан бастап 14 жасқа дейінгі 80 бала қатысты. Жас жүзушілер түрлі жас санатында 25 және 50 метр қашықтықты, сондай-ақ 100 метр топтық жүзуді бағындырды. Сондай-ақ қатысушылар командаға бірігіп, жүзуден 100 метрлік топтық  жарыста өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысына сәйкес назарларыңызға жеңімпаз ұл-қыздардың тізімін ұсынамыз.
7-8 жас – 25 метр қашықтық (қыздар):
1 орын – Бейсенбекова Раяна;
2  орын - Серік Айару;
3 орын – Сәлімгереева Саида.

7-8 жас – 25 метр қашықтық (ұлдар):
1 орын – Байекенов Арсен;
2  орын - Жетес Мұрат;
3 орын – Кенжеғали Алпамыс.

9-10 жас – 50 метр қашықтық (қыздар):
1 орын – Микрякова Мария;
2  орын - Умербаева Жания;
3 орын – К әдірбекова Амина.

9-10 жас – 50 метр қашықтық (ұлдар):
1 орын – Самарин Максим;
2  орын - Бахтығазыев Жәнібек;
3 орын – Мұстахим АбдуллДжаами.

11-12 жас – 50 метр қашықтық (қыздар):
1 орын – Бахтығазиева Жания;
2  орын - Ниязова Нарғыз;
3 орын – Шамуратова Амина.

11-12 жас – 50 метр қашықтық (ұлдар):
1 орын – Жанабаев Айшуақ;
2  орын - Тажин Әділ;
3 орын – Қайнаров Берікбай.
13-14 жас – 50 метр қашықтық (қыздар):
1 орын – Серіктас Айсұлу;
2  орын - Қайырбекова Диляра;
3 орын – Байдулла Шұғыла.

13-14 жас – 50 метр қашықтық (ұлдар):
1 орын – Ауғамбай Санжар;
2  орын - Исмағұлов Жансерік;
3 орын – Стрельников Александр.

Сондай-ақ 100 метр топтық жүзу жарысында 1 орынды «Синие киты», 2 орынды «Пираты», 3 орынды «Достық» командалары иеленді.

Турнир барысында  жеңімпаздарға грамоталар, кубоктар мен естелік медальдар табысталды. Барлық қатысушылар жарысқа белсене қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды. 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: