Мәнерлеп сырғанаудан «Менің Қазақстаным» эстафетасы өтті

19.12.2018

2018 жылдың 14 желтоқсанында «Сарыарқа» велотрегінің мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан «Менің Қазақстаным» эстафетасы өтті.

Жарыстың мақсаты – өскелең ұрпақ арасында мәнерлеп сырғанауды насихаттау, елімізде бұқаралық спортты дамыту, балалар мен ересектерді ойын эстафеталары арқылы ұйымшылдыққа үйрету.

Жарысқа «Сұңқар» және «Бриллиантовый конек» командалары қатысты. Бір команданың құрамы 3 бала және 3 ересектен тұрды. Қатысушылардың жалпы саны – 12 адам. Эстафета барысында достық женді. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар және «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК атынан естелік сыйлықтармен көтермеленді.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: