Дін мәселелері бойынша дәріс өткізілді

19.11.2020

2020 жылдың 19 қарашасында «Сарыарқа» велорегінің мәжіліс залында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының  қызметкерлеріне діни сауатты көтеру жұмыстары бойынша дәріс өткізілді.

Дәріс барысында Нұр-Сұлтан қаласының дән мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері діни экстремизм мен терроризм, сондай-ақ діни сауат туралы ең маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар кездесуде «Деструктивті діни ағымдар», «Дін мәселелері бойынша шынайы ақпарат көздері», «Діни сұрақтарға жауап беретін сенім телефонды» қатарлы ақпараттық брошюралар таратылды.

Толығырақ ақпарат алу үшін орталықтандырылған тегін ikomek-109 нөміріне хабарласуыңызға немесе дін мәселелерін зерттеу орталығының ресми сайтына жүгінуіңізге болады - www.cipr.kz

Бөлісу: