"Физикалық белсенділік" және "Өз мәртебеңді біл» акциялары өтті

26.06.2019

Бүгін Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығының "Сарыарқа" фитнес-орталығында физикалық белсенділік пен саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында "Физикалық белсенділік" және "Өз мәртебеңді біл» акциялары өтті.

Іс-шара барысында АИТВ-ға жедел тестілеу және әртүрлі дене шынықтыру жаттығулары өткізілді. Аталған акцияларға фитнес-орталықтың келушілері мен Орталық қызметкерлері қатысты.

Ұйымдастырушы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Бөлісу: