Дубайда Union Cyclist International (UCI) әйелдер турнирі өтеді

13.01.2020

БАӘ велосипед федерациясы және Дубайдың спорт кеңесі осы жылдың 17 мен 20 ақпан аралығында өтетін халықаралық әйелдер велошеруі - Дубайдағы әйелдер турының басталғаны туралы хабарлаған еді.

Дубайдағы әйелдер турнирі - Union Cyclist International (UCI) Таяу Шығыстағы әйелдер арасындағы жалғыз іс-шара. Турға 14 жетекші халықаралық командалар, соның ішінде БАӘ құрамасы қатысады. Командалар төрт кезеңнен тұратын жарысқа қатысады.

Қатысушы командалар: Agolico Pro велосипедшілер командасы, ресейлік Cogeas Mettler велокомандасы, бельгиялық Doltcini-Van Eyck Sport, Венгрия елінен Fehervar Cycling, Британдық Hitec-Products-ORG, Люксембург ұлттық құрамасы Andy Schleck-Immo Losch, Бельгиялық Ciclotel, француздық Feminin  Vaiano-Aromitalia-Basso Bikes командасы, Германияның Divas командасы және Өзбекстан әйелдер командасы, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының және велоспорт бойынша Олимпиадалық даярлау орталығының велосипедшілері қатысады.

Команда құрамы:

1. Әсем Төлемісова;

2. Анжела Соловьева;

3. Алена Абрамчук;

4. Анастасия Лынник;

5. Алина Саркулова; 

6. Эльмира Сагындыкова (массаж жасаушы);

7. Александр Килибаев (аға жаттықтырушы).

Қатысушы спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Бөлісу: