Велоспорттан ҚР Ұлттық Чемпионаты өтеді

12.10.2018

2018 жылдың 16-19 қазан аралығында «Сарыарқа» велотрегінде омниум және спринт түрі бойынша велосипед спортынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Чемпионаты өтеді. Жарыс халықаралық UCI және Қазақстан Республикасының ережесіне сәйкес ұйымдастырылады.

Омниум – велоспорттың шеберлері мен әуесқойлары арасындағы ең қызықты спорттың бірі болып табылады. Елімізде аталған спорт түріне ерекше көңіл бөлінеді. Омниум – гит, ұпай бойынша топтық жарысынан, шығып қалу және жеке қуалау жарысынан тұрады.

Спринт – велоспорттың ең ескі түрі. Оған біліктілік сайыстарында іріктелген 2 және 4 спортшы қатысады. Мәре сызығын бірінші кескен велшабандоз жарыс жеңімпазы болып танылады.

Спорт сүйер қауым үшін есігіміз ашық! 

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызметі


Бөлісу: