Секция тәрбиеленушілері арасында футболдан турнир өтеді

14.12.2018

Балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, тәрбиеленушілер арасында мықтыларды анықтау, Астана қаласында футболды дамыту және насихаттау мақсатында 2018 жылдың 20 желтоқсанында Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы тәрбиеленушілер арасында футболдан турнир ұйымдастырмақ.

Турнирге жоғары топтың 3 командасы (2007-2009 ж.т.) және кіші топтың 2 командасы (2011-2012) қатысады. 1 командада қатысушылар саны - 8 адам.

Жеңімпаздарға орталықтың атынан кубоктар, сыйлықтар және грамоталар табысталмақ.

Футболдың барлық жанкүйерлері аталмыш іс-шараға қатысып, балаларға жанкүйер бола алады.

Өткізілетін орны: «Сарыарқа» велотрегі, Қабанбай батыр даңғ., 45А.

Басталуы: сағат 17.00-де.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: