Велоспорттан ұлдар мен қыздар арасында турнир өтеді

29.03.2019

16-20 сәуір аралығында орталық әкімшілігі алғаш рет кәсіби велошабандоздар (ұлдар мен қыздар) арасында велосипед спортынан тректе турнир ұйымдастырмақ.

Дүбірлі доданың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, елімізде велосипед спортын кеңінен насихаттау, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, құрама команданы қалыптастыру үшін мықты спортшыларды дайындау, Елбасы Жолдауын іске асыру және балалар-жасөспірімдер спортын жан-жақты дамыту.

Аталмыш жарыс халықаралық UCI және Қазақстан Республикасының ережесіне сәйкес өтеді.

Ұлдар мен қыздар арасындағы жарыс келесідей бағытта өтеді:

- Жеке ізге түсу жарысы 3 шм;

- Жеке ізге түсу жарысы 2 шм;

- Топтық шығып қалу жарысы;

- Кейрин;

- Командалық ізге түсу жарысы 3 шм;

- Скретч 20 кр.; 24 кр., 30 кр.;

- Гит 500 м. орнынан бастап;

- Гит 250 м. орнынан бастап;

- Спринт

- Спринт 200 м. жүрістен бастап;

- Ұпай бойынша топтық жарыс 24 кр. 4 п/ф;

- Ұпай бойынша топтық жарыс 36 кр. 6 п/ф;

- Ұпай бойынша топтық жарыс 42 кр. 7 п/ф;

Байрақты бәсекеге 13-16 жас аралығында өңірлердегі ЖСШМ, РКС, ДЮШС, ОРМБЖМ, спорт интернаты мен клубтарының құрама командалары қатысады.

Жарыс нәтижесіне сәйкес жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және медальдармен марапатталатын болады.

Шараның салтанатты ашылуы 17 сәуір күні сағат 15:00-де өтеді.

Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы, 45А. «Сарыарқа» велотрегі.

Толығырақ ақпаратты көрсетілген телефон нөмірі арқылы біле аласыздар: 70 71 52, 70 72 34.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: