Триатлоннан ҚР қысқы чемпионаты өтеді

27.02.2019

Наурыздың 1-2 күні  «Сарыарқа» велотрегінде Жабық ғимараттағы триатлоннан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтеді.

Бұл  Қазақстандық Триатлон Федерациясының бастамасымен кәсіби спортшылар арасында өткізілетін ұлттық біріншілік. Аталмыш жарыстың мақсаты - мықты спортшыларды анықтау, отандық спортшылардың шеберлігін арттыру, елімізде триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Оған Астана мен Шымкент қаласы, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Шығыс-Қазақстан облыстарынан келген 15 жастан асқан 70-тен астам кәсіби спортшы додаға түспек. Бірінші күні спортшылар 200-400 м қашықтыққа жүзу және 1000-2000 м қашықтыққа жүгіруден жарысатын болса, екінші күні 2000-4000 м қашықтықтағы веложарыста бақ сынайды.

Бағдарламаға сәйкес:

1 наурыз: 
08.45 сағ. Сайыстың ресми ашылу салтанаты. 
09.00 сағ. Жүзу жарысының басталуы. 
15.00 сағ. Жүгіру жарысының басталуы.

2 наурыз: 
09.00 сағ. Веложарыстың басталуы. 
12.30 сағ. Марапаттау салтанаты.

Жарыстың ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстандық Триатлон Федерациясы, Астана қалалық триатлон федерациясы.

 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі




Бөлісу: