Велоспорттан тректе «Silk Way Series Astana» халықаралық жарысы өтеді

13.05.2019

14-19 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Silk Way Series Astana» велоспортынан тректе халықаралық жарыс өтеді.

«Silk Way Series Astana» - CL2 және CL1 санатындағы жарыс, велошабандоздар Әлем кубоктарының кезеңдеріне қатысу үшін қажетті рейтингтік ұпайлар табуға мүмкіндігі баршылық. 

Атап айтсақ, «CL» санатындағы жарыс Қазақстанда алғаш рет өтетін болады. 

Байрақты бәсекеге Ұлыбритания, Қытай, Гонконг, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан, Украина, Голландия, Испания, Литва, Латвия және Қазақстан спортшылары қатысады. Велошабандоздар спринт, омниум, Мэдисон, скретч, кейрин, жекелей ізге түсу жарысы және ұпай бойынша топтық жарыста жүлделі орындар үшін өзара бақ сынамақ. 


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: