Олимпиадағы жол

15.03.2021

Ағымдағы жылдың 12-14 наурыз күндері Түркия елінің Ыстамбұл қаласында каратэден ересектер арасында Токио олимпиадасына жолдама үшін рейтингілік ұпай берілетін Премьер Лига халықаралық жарысы өтті.

Аталған жарыста ұлттық құраманың мүшесі, лицензия жеңіп алуға үміткер, жастар құрамасының спортшысы Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Ерлер арасында лицензияға үміткер Данияр Юлдашев 84 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлде жеңіп алды.

Спортшыларымызды және аға жаттықтырушышсы Шаттық Қажымұқанды жеңістерімен құттықтаймыз!

Алда өтетін шешуші жарыстарда да топ жарып, олимпиадаға жолдама жеңіп алуларыңызға тілектеспіз!

Бөлісу: