Фитнес орталығы мен спорт секцияларының жұмысы уақытша тоқтатылды.

15.03.2020

Құрметті келушілер!

"Елімізде маңызды мәлімдемелер жасалғанға дейін спорттық секциялар мен үйірмелер өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлайды дейді  NUR.KZ сілтемесінде".

Біз билік органдарының короновирус инфекциясының таралуына байланысты жасап жатқан барлық іс-қимылдарының маңыздылығын түсіне отырып, қабылданған шешімдерге келісеміз!

Біз келушілер мен балалардың қауіпсіздігі үшін фитнес орталығы мен спорт секцияларының қызметін уақытша тоқтатуға шешім қабылдадық.

Карантин уақытында клуб карталары мен абонементтер   қызметі тоқтатылады. Барлық жеке жаттығу жұмыстары мен клуб карталарына карантин уақыты қоса беріледі.

Келтірілген келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытуларыңызды өтінеміз.

Құрметпен, велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының Әкімдігі.

Бөлісу: