Түркиядағы халықаралық турнирдің нәтижелері

02.11.2020

Осы демалыс күндері еліміздің велошабандоздары Түркиядағы халықаралық турнирге қатысты. Нәтиже бойынша Егор Карасев Alanya Avocado MTB Cup сайысында екінші орын, Alanya MTB Cup XCO додасында қола жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, Шакир Адилов, Темирлан Мухамедьянов және Денис Сергиенко Alanya Avocado MTB Cup-та элита бәсекесінде алтыншы, тоғызыншы және он екінші орындарға ие болды. Ал Alanya MTB Cup XCO бәйгесінде Шакир Адилов төртінші орынға жайғасты. Денис Сергиенко он бірінші, Темирлан Мухамедьянов он екінші орынға ие болды.

Бөлісу: