Жастар арасындағы Халықаралық веложарыс нәтижелері

12.05.2015

7-10 мамыр аралығында Чехия мемлекетінде жастар арасында велосипед спорты бойынша Халықаралық жарыс өтті. Брэндон Макналти деген американдық велошабандоз тарихта алғаш алтын медальға ие болды. Жарыс жолдары қиыншылықтары мен есте қалып, жеңіске жету оңай болған жоқ. Жарыстың ақтық деміне дейін, мәре сызығына жеткенше американдық жеңімпазға өзіміздің Қазақстандық Вадим Пронский деген велошабандоз айтарлықтай қарсылық танытты. Велошабандоздар жалпы топта бірігіп бастады.  Американдық жеңімпазға қазақстандық велошабандоз +0.05 секундқа есе жіберді. Осындай деңгейлі жарыстар велоспорт әлеміне көптеген мүмкіндіктер сыйлап, көптеген жеңімпаздарға жол ашады деп сенеміз.

Толығырақ жарыс нәтижелерін www.uci.ch сайты арқылы біле аласыздар. 

Бөлісу: