«Курс де ла Пай» жасөспірімдер арасындағы Ұлттар кубогындағы біздің спортшылардың нәтижелері

13.05.2016

2016 жылдың 5-8 мамыры аралығында «Курсе де ла Пай» (Чехия) жасөспірімдер арасындағы Ұлт кубогына «Велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РГКП спортшылары қатысты.

Жарыстың 2-ші кезеңінде Илья Горбушин жекелей жүгіруден 2-орынға ие болды. Ал Пронский Вадим 6-орын.

3-кезеңде Вадим Пронский топтық жарыста 2-орынға ие болды. Ал Ұлысбаев Дінмұхаммед 6 орын.

Барлық кезеңдердің қосындысы бойынша Вадим Пронский жеңімпазға 29 секунд ұтылып, 4-орынға тұрақтады.

Жасөспірімдер арасындағы Ұлттар кубогының рейтингі бойынша Қазақстан құрамасы 3-орынға ие болды.

21-22 мамырда Францияда кезекті «Trophée Center Morbihan» Ұлттар кубогы өтеді.

26-29 мамырда Швейцарияда тағы бір «Тур дю Пай де Вод» Ұлт кубогы өтеді.

Бөлісу: