Біліктілікті арттыру курс-тарында спорт ұйымдарының басшылары оқиды

22.07.2019

2019 жылы шілде айының 22-26 аралығында республикалық «Сарыарқа» велотрегі ғимаратында спорт ұйымдарының басшылары үшін біліктілікті арттыру курстары өтуде.

Біліктілікті арттыру курстарындағы оқу барысында спорттық менеджмент, спорттық физиология, спорт ғимараттарын басқару, сондай-ақ тренингтер мен практикалық тапсырмаларды өткізу мәселелері қарастырылады.

Елдің барлық аймақтарынан келген курс тыңдаушыларының саны 50  адамнан асады.

Велосипед спорты бойынша олимпиадалық даярлау орталығының спорттық-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Сағдат Әлімханұлы Сергебаев "Сарыарқа" велотрегінде экскурсия өткізіп, курс қатысушыларын жаттығу жиыны үшін спортшылар орналасқан орынмен таныстырды. Экскурсиядан кейін іс-шараға қатысушылар спорттық кешен базасында спортшыларды сапалы және жайлы дайындау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті.

Бөлісу: