Қазақстан қоржынында ату бойынша Әлем Кубогындағы алғашқы медаль!

29.05.2022

Бүгін жарыстың бірінші күні қазақстандық спортшы Ислам Гусейнов ерлер арасындағы категорияда 10m air rifle жаттығуында финалдық есепте қола медаль жеңіп алды. Габала қаласындағы (Әзірбайжан) оқу-жаттығу жиыны барысында Әлем кубогының алдында өткізілген кешенді дайындық нәтижесінде, қазіргі таңда қазақстандық спортшылар үздік нәтижелер көрсетуде.

Орталық спортшылары винтовка, тапанша, трап, скит, командалық және аралас жаттығуларда өз шеберліктерін көрсетуде.

Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы – спортшылар үшін маңызды бастама, себебі ол рейтинг болып табылады, ал рейтингті жоғарылату арқылы спортшылар Олимпиада ойындарына қатысуға квота алады.

Жарысқа әлемнің 65 елінен 800-ден астам спортшы қатысуда.

Исламды Құттықтаймыз! Біздің спортшыларға қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауды тілейміз! Алға Қазақстан!

Бөлісу: