Спорт күні құтты болсын!

16.08.2019

Спортшылар мен жаттықтырушыларды, дене шынықтыру мұғалімдерін, спорт мекемелерінің қызметкерлерін және спортпен шұғылданатын барша қауымды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Спорт - бұл денсаулық, сұлулық, күш пен оптимизм. Бүгінде аталған саланы дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру маңызды мемлекеттік міндетке айналды деп айта аламыз.

Біздің велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығының спортшылары өздерінің белсенділіктері мен жоғары нәтижелері бойынша әлемдік дәрежеде Қазақстан Республикасының имиджін көтеруге өз үлестерін қосып жүр.  Біз әртүрлі халықаралық деңгейдегі додаларға қатысып жүрген спортшыларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Спорт саласында еңселі еңбек еткен спортшылардың ізін жалғап келе жатқан жастарға сәттілік тілейміз!

Сіздерге және отбасыларыңызға мықты денсаулық, бақыт, жаңа жеңістер мен рекордтар, мақсатқа жетудегі табандылық пен қайсарлық, спортта ғұмырлы болуды тілейміз!

Бөлісу: