Халықаралық әйелдер күні - көктем, махаббат және сұлулық мерекесі!

07.03.2019

Құрметті нәзік жандылар!

Сіздерді 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн мейірімділіктің және сұлулықтың нышаны. Сіздер бойына мейірім, жылулық, махаббат пен ізгілікті дарыта білген дара жансыздар.

Қазіргі таңда қоғамның түрлі саласында қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігі мен әлеуеттілігін, танымы мен талғамын аямаған әйел аз емес. Ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік ахуалды ер азаматтарымен иық тірестіре жүрген қыз-келіншектер – бүгін ел мақтанышы.

Бүгінде нәзік жандылар - мұғалім, дәрігер, ауыл еңбеккері, ғалым, қоғам қайраткері, үй шаруасындағы әйел, кәсіпкер, басшы ретінде барлық салада еңбек етуде. Қызметтік міндеттерін адал әрі аса жауапкершілікпен атқаратын әйелдер қауымы өз саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуде.

Сондай-ақ, Отан алдында еңбек еткен әрі ел игілігі жолында аянбай тер төккен соғыс және еңбек ардагерлерін құрмет тұтамыз.

Құрметті аяулы жандар! Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл абзалы деген құрметке лайықсыздар. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс пен береке, баянды бақыт тілейміз! Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!

Бөлісу: