Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

30.12.2019

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын! Осы жылы өмірлеріңіз жағымды жаңалықтарға толы болып, армандарыңыз орындалсын. Баршаңызға денсаулық, махаббат, байлық және естен кетпес естеліктер тілейміз! Келер жаңа жыл сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстарға кенелтсін. Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!

Әр бастамаларыңызға сәттілік серік болсын!

Бөлісу: