Спорт күні мерекесімен!

17.08.2018

Құрметті қазақстандықтар!

Қадірлі ардагерлер, спортшылар мен спорт сүйер қауым!

Жыл сайын дәстүрлі түрде тамыздың үшінші жексенбісінде Спорт күні жоғары деңгейде аталып өтеді. Аталмыш күні біз спортшыларымызбен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын, дене шынықтырумен айналысатын жандар мен спорт сүйер қауымды мерекемен құттықтаймыз.

Спорт – бұл денсаулық пен сұлулықтың, рухани құндылықтың, сергек сезінудің нышаны. Бүгінде мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі - салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты дамыту.

Қазіргі таңда біздің спортшыларымыз олимпиадалық даярлау орталығының атын әлемдік ареналарда абыроймен қорғауда, түрлі жарыстарда белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсетуде. Біз түрлі халықаралық жарыстарда төбе көрсететін спортшыларымызбен және ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлерінің қолынан шыққан жасөспірімдердің жемісті жетістіктерімен мақтанамыз.

Алдағы уақытта жаттықтырушылар мен спортшыларымыз өзінің білім-біліктілігін, барлық күш-жігерін салып, еліміздің мерейін өзге жерде үстем ететін ұрпақты тәрбиелейтініне сеніміміз мол.

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының әкімшілігі баршаңызды Спорт күнімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен шаттық, отбасыларыңызға береке-бірлік, жаңа жеңіске және алға қойған мақсатқа жетулеріңізді тілейді.

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі

Бөлісу: