1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

28.04.2018

Құрметті қазақстандықтар, Сіздерді ең маңызды және басты мейрамдардың бірі – Қазақстан халқының бірлігі күні  мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Сіздерге мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, барлық істеріңізге табыс, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңызға амандық-саулық, ортақ үйіміз — Қазақстан Республикасына өркендеуін тілейміз!

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: