Танымал спортшылардың қатысуымен «Қазақстан спортшыларының жеңіске жолы» тақырыбында семинар өтті

15.11.2019

Бүгін, 2019 жылдың 15 қарашасында «Сарыарқа» велотрегінің ғимаратында «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» РМҚК жастар жылы аясында спорт ұйымдарының жас тәлімгерлеріне арнап еліміздің танымал чемпиондарының қатысуымен «Қазақстан спортшыларының жеңіске жолы» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты патриотизм тұрғысынан тәрбилеп, спортта жақсы нәтижеге жету сырларымен бөлісу, тәжірибе алмасу болды. Сонымен қатар, жас спортшылардың жеңіске жетуге ынталандыру да назардан тыс қалмады.

Семинарға бокстан Олимпиада чемпионы, Вэла Баркер кубогінің иегері, ҚР спорт және мәдениет Министрлігі дене шынықтыру және спорт істері Комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, қазақстандық коньки тебуші, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қысқы Азия ойындарының екідүркін чемпионы Людмила Прокашева, Азия чемпионы, Гран-придің алтын жүлдегері, грек-рим күресінен күміс жүлде иегері Алмат Кебісбаев, бокстан әлем және Азия чемпионы, еңбек сіңірген спорт шебері – Мерей Ақшалов, Олимпиада ойындарының екідүркін күміс жүлдегері, бокстан еңбек сіңірген спорт шебері Әділбек Ниязымбетов, спорт журналисті, бірнеше кітаптардың авторы Қыдырбек Рысбек қатысты.

Жиын барысында жас спортшылар өз сұрақтарына жауап алып, тәжірибелі спортшылардан естелікке сыйлықтар да алды.

Бөлісу: