Баскетболдан Қазақстан құрамасы Иракты жеңді

28.11.2017

Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде екінші ойында Иракты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Астанадағы ойын қосымша уақытта 82:76 есебімен аяқталды. Бұл ретте алаң иелері бірінші ширектен кейін алты ұпайға алға шықты, бірақ кейін бұл басымдылықты құр жіберді. Жеңімпаздар арасында 21 ұпай жинаған Анатолий Колесников ең нәтижелі болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2019 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңін сырт алаңда Катарды жеңумен бастады – 70:82. Келесі кезеңде Қазақстан өз алаңында 22 ақпанда Иранды, үш күннен кейін Катарды қабылдайды.

Топтан үш команда 2018 жылдың қараша айында өтетін келесі кезеңге өтеді. Іріктеу кезеңі 2019 жылдың ақпан айында аяқталады, ал 2019 жылғы әлем чемпионаты 31 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қытайда өтеді.

Дереккөз: Vesti.kz

Бөлісу: