Қазақстан құрамасы Бангкок еліндегі Азия Кубогы жарысына қатысады

05.10.2018

2018 жылдың 5-7 қазаны аралығында олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері Тайланд елінің Бангкок қаласында велосипед спортынан өтетін Азия Кубогы халықаралық жарысында ел намысын қорғайды.

Жасөспірімдер (ұлдар мен қыздар) және әйелдер арасындағы трек-темп жарысында Александр Бекенов, Даниил Пехотин, Сергей Кармажаков, Эльвира Хамзина, Жанерке Санакбаева, Рината Султанова, Фаина Потапова қарсыластарымен бақ сынамақ.

Тартысты додада спортшыларымызға бапкерлер Б.А.Көпешев, С.А.Тарасова, механик А.В.Гончаров қолдау көрсетпек. 

Жарыс Бангкоктағы "Huamark" ашық бетон трегінде өтеді.

Қазақстан құрамасына алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз. Еліміздің көк байрағы желбіресін демекпіз! 

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: