Қазақстан құрама командасы Иранға жол берді

23.02.2018

Баскетбол бойынша 2019 Әлем Чемпионатының квалификациялық кезеңінде Қазақстан құрамасы бірінші жеңілісті топтың үздігі Иран құрамасынан тапты.

Қазақстан құрамасының құрамында иық жарақатына байланысты,құраманың көшбасшысы Пономарев Антон болмағанын айта кету керек.

Қазақстандықтар бірінші периодты қорғаныста да, лақтырыстарда да шапшаң бастаса да, ирандықтарға таразыны өз еншіліктеріне қарай бұрып алды. Олар алғашқы он минуттықты 15:16 есебімен аяқтады.

Екінші периодта ирандықтардың нақтырақ әрі сәттірек болғаны, оларға +10 ұпай артықшылығын берді, бірақ паркет иелері мәрі ысқырығына дейін өз ұпайларын -7 ұпайға жеткізе алды. Үлкен үзіске командалар қонақтар еншісіндегі 25:32 есебімен шықты.
Үлкен үзілістен кейін қазақстандықтар айырмашылықты қысқартуға тырысты, кей кездерде олар сол мақсаттарына жетіп отырды. Бірақ қарсылас та әр шабуыл сайын өзінің артықшылығын ұлғайтып отырды. Үшінші кезеңнің қорытындыс Ирандықтардың пайдасына аяқталды. Есеп: 36:47. Шешуші кезеңде ирандықтар толығымен жағдайды алды және матчты 54:75 есебімен аяқтап, жеңімпаз атанды.

Матчтың ең мықты ойыншысы Мурзагалиев Рустам атанды, ол 18 ұпай жинай алды. Ал Колесников Анатолийдің қоржынында 10 ұпай, 14 іріктеу болса, Жигулин Алексейде 8 ұпай, 6 іріктеу.

Қарсыластың құрамындағы ең мықты ойыншы-Хамед Эхадади. Оның еншігінде 20 ұпай,20 іріктеу болды.

Келесі ойынды қазақстандықтар Катар құрамасына қарсы осы жексенбі 25 ақпан күні өткізеді. Матчтың басталу уақыты: 18:00.

Ақпарат көзі: pbcastana.kz

Бөлісу: