Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес семинары

21.06.2018

2018 жылдың 26 маусымында сағат 11:00-де «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК конференц залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы бойынша семинар өткізіледі.

Семинардың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын, 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын талқылау, мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер мен мемлекеттік органдар қызметін бақылауды қамтамасыз ету, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау.

Аталмыш семинарда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мәселелері бойынша сөз қозғалмақ.

Семинарға Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының директоры Мұқашев Бауыржан Серікұлы, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Шопанұлы Қожахметов, Астана қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлықпен күресу бөлімінің бас маманы Мұсағали Олжас Ержанұлы, сондай-ақ «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тобының мүшесі, «Нұр Отан» партиясы «Мәдениет» бастауыш ұйымының өкілі, кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Жұмағазыұлы Әбдірахманов қатысады.

Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығының баспасөз қызмеіт

Бөлісу: