«Қазақстан таза спортты қолдайды!» допингті пайдалануға қарсы семинар

04.04.2017

2017 жылдың 5-сәуірінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетімен бірге «Қазақстан таза спортты қолдайды!» допингті пайдалануға қарсы бағдарламаның маңызды мәселелері жөнінде білім беру семинарын өткізеді.

Семинар бағдарламасында «таза» спортқа спортшы құқықтарын қорғаудың негізгі сәттері, ерекшелік түрінде тыйым салынған субстанцияларды терапевттік пайдалануға өтінім беру рәсімі, Бүкіләлемдік допингке қарсы кодексінің, Халықаралық стандарттарының және Спорт түрлері бойынша допингке қарсы ережелерін және қағидаларын түсіндіру қаралады.

Семинарға допингке қарсы жұмысқа жауапты адамдар шақырылады: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қызметкерлері, спорт түрлері федерациясының өкілдері, Ұлттық штаттық командалар және спорт резервінің, олимпиадалық даярлау орталықтарының дирекциялары.

Өткізу орны: Республикалық велотректың конференц-залы ,

Астана қ., Қабанбай батыр көш. 45а.

Өткізу уақыты: 15.00-17.00 с.

Семинардың жүргізушісі: «Ұлттық допингке қарсы орталық» РМКК-ның директоры М.К.Бакашева.


Бөлісу: