«Silk Way Series Astana» Cl1: Қазақстандық велошабандоздар әр түрлі дәрежедегі жеті медаль ұтып алды

20.05.2019

18-19 мамыр күндері Нұр-Сұлтанда республикалық «Сарыарқа» велотрегінде «Silk Way Series Astana» CL1. Трегінде велосипед спорты бойынша халықаралық сайыс болып өтті. Турнирге әлемнің 12 мемлекетінен сайыскерлер қатысты. Спортшылар 5 спорттық сайыс түрлері бойынша: мэдисон, кейрин, омниум, скретч және ұпай бойынша топтық сайыс түрлерінен сынға түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша велошабандоздар әр түрлі дәрежедегі жеті медальді иеленді. Бүгінгі күні алғашқылардың қатарында Артем Захаров және Султанмурат Миралиев мэдисонда жеңіске жетті. Екінші орынды күншығыс елінен келген Гоу Лянга және Шен Пиньян иеленді. Қола жүлдені тағы бір қазақстандық команда Алишер Жумакан және Роман Василенков иеленді.
Скретч сайысында пьедесталдың жоғары сатысына Испаниядан келген Иларт Зуазубискар көтерілді. Өзбек шабандозы Андрей Измайлов мәре сызығындам жеңімпазға соңғы метрлерде жол беріп, екінші орынды иеленді. Жүлдегерлер үштігін Қытайдан келген Шен Пиньян тұйықтады. Қазақстандықтар Никита Панасенко, Алишер Жумакан, Азен Габиден және Йоган Штейн сәйкесінше төртінші, бесінші, жетінші және оныншы орындарды иеленді.
Медальдардың келесі жинағы әйел адамдар арасындағы омунимде ойнатылды. Төрт түрі: скретч, ырғақты сайы, жылыстау сайыстары және ұпай бойынша сайыс бойынша қытайлық Сяофей Вангке ешкім тең келген ешкім болмады. Күміс медальді оның отандасы Жиали Лю иеленді. Бірінші үштікті Литвадан келген Оливия Балейшите тұйықтады. Қазақстан құрамасында бесінші орынға қол жеткізген Рината Султанова үздік болды.

Спринтерлік «кейрин» түрі бойынша маңызды «сайыс» орын алды. Павел Воржев алтын медальді иеленіп, өз қарсыластарына ешбір мүмкіндік қалдырмады. Олардың бірі Ұлыбританияның алты мәрте олимпиада чемпионы Джейсон Кенни болды. Мәреде екінші келген ӘЧ-2019 қола жүлдегері Павел Якушевский болды. Үздіктердің үштігін тағы бір ресейлік сайыскер – Александр Шарапов тұйықтады.
«Өз алаңыңда жеңімпаз болған өте жағымды. Мен осы сайысқа дайындықпен келдім. Қазір физикалық жағдайым өте жақсы деп айта алмаймын. Не дегенмен де, сайыстар күнтізбесі ауқымды болды. Соған қарамастан, барлығы жақсы өтті. Кеше мен құладым. Алайда, бұл құлағаным мені жолдан шығарған жоқ. Мен үштікте болатынымды білдім, осы нәтижеге сендім. Нәтижесінде жүрісті сауатты орындау мүмкін болып, қарсыластар озық шыға алмады», -
Воржев.

Әйел адамдар арасындағы кейринде бірінші екі орында да Ресей иеленді. Озып шыққан Дарья Шмелева (Gazprom Rusvelo), екінші орында Анастасия Войнова, қола жүлдегер Литвадан келген Симона Крупецкайте болды.

«Silk Way Series Astana» сайыстарының қорытынды кезеңінде ер адамдар арасында ұпайлар бойынша топтық сайыс болып табылады. Қазақстанның ұлттық құрамасының қоржынына кезекті алтын медальді Султанмурат Миралиев алып келген. Оның артынан басқа спортшы Асылхан Турар мәреге келді. Үздіктер үштігін Испаниядан келген Иларт Зуазубискар тұйықтады.

Осылайша, біздің команданың қоржынында: үш алтын, екі күміс және екі қола медаль бар. Бұдан бір күн бұрын командаға алтын медальді Роман Василенков алып келді, ол омниумде жеңімпаз болды, ал Артем Захаров осы сайыс түрінен күміс медаль иеленді.

«Silk Way Series Astana» рейтингтік турнир болып табылатынын айтып кету керек. Барлық жинақталған ұпайлар жеке рейтингке жазылады және ол Әлем кубогының кезеңдерінде жіктеуге мүмкіндік береді және олимпиадалық лицензия үшін күресте көмектеседі.

Дерек көзі: cycling.kz

Бөлісу: