Құрбан Айт мейрамы құтты болсын!

30.07.2020

Құрметті отандастар!

Ұлық мереке – Құрбан айт құтты болсын! Осынау қасиетті күні тілеген дұға-тілектеріңізді, ізгі ниеттеріңізді Алла қабыл етсін. Әрбір отбасына бақыт, береке қонып, көптеген ұлт пен ұлысты біріктірген Отанымызға бірлік пен ынтымақ бергей!

Құрбан айт мейрамының жамағат арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор. Сол үшін де Жаратушы иеміз еліміздің мерейін үстем етіп, халқымыздың ауыз бірлігін еселей берсін дейміз! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Бөлісу: