Балалар арасындағы жүзуден жарыс

05.12.2018

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай 2018 жылдың 8 желтоқсанында «Сарыарқа» фитнес орталығында жыл сайынғы «Юный дельфин» турнирі өтеді.

 «Юный дельфин» - жыл сайын дәстүрлі түрде тәрбиеленушілер арасында өтетін жүзу бойынша турнир болып табылады. Жарыс суда жүзетін ең мықты жандарды анықтауға және өз еңбегінің нәтижесін көруге мүмкіндік береді.

Аталмыш турнирге 7 жастан бастап 14 жасқа дейінгі 80 бала қатысады.

Жас жүзушілер түрлі жас санатында 25 және 50 метр қашықтықты, сондай-ақ 100 метр топтық жүзуді бағындырулары қажет.

Жеңімпаздарға  грамоталар, кубоктар мен естелік медальдар табысталмақ.

Турнирге жанкүйер болам деушілерге есігіміз ашық.

Жарыстың ұйымдастырушысы «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК.

Өткізілетін орны мен уақыты:

Астана қ., Қабанбай батыр даңғ., 45 А, «Сарыарқа» фитнес орталығы (батыс кіреберісі). Басталуы: сағат 10.00-де.

БАҚ аккредитациясын алу үшін төменде көрсетілген телефон нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 (7172) 70 71 52, + 7 775 826 76 79.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: