Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған "Велосипед спортынан олимпиадаға даярлау орталығы" РМҚК қызметкерлері арасындағы спорттық жарыс.

08.05.2015

2015 жылы 8 мамыр сағат 10.00 "Велосипед спортынан олимпиадаға даярлау орталығы" РМҚК қызметкерлері Жеңістің 70 жылдығына арналған спорттық жарыс өткізді. Алға қойған мақсат "Салауатты өмір салты", " Спорт денсаулықтың кепілі" деген ұстаныммен қызметкерлер арсындағы денсаулықты жақсарту, өзара байланысты нығайту, спортты насихаттау болатын. Жалпы спорт ойындарын ұйымдастыруды Кәсіпорын әкімшілігі Спорт бөліміне жүктеді. Жарысқа келесі командалар қатысты: Әкімшілік бөлім командасы (қаржы бөлімі, экономикалық бөлім, Күзет бөлімі, заң бөлімі), Техникалық әкімшілік шаруашылық бөлімі командасы, Спорт бөлімі (маркетинг және жарнама бөлімі, фитнес). 

Жарыс жоспары: 

100 м қашықта жүгіру (ерлар, әйелдер)

Орынан қашықтыққа секіру (ерлер, әйелдер)

Кәсіпорын қызметкерлерінің барлығы, ерлер 2000м, әйелдер 1000м қашықтыққа жүгіру

Мини футбол (ерлер)

Воллейбол (әйелдер).

Жеңіске жеткен ойыншылар мен командаларға мақтау грамоталары табысталды. Жалпы топтық Жеңімпаз болған командаға кубок табыс етілді.  

Бөлісу: