Тректегі жанкүйерлер арасында «Velo life» жарыстары.

10.01.2018

2018 жылдың 20 және 21 қаңтарында «Сарыарқа» велотрегінде велосипед спортының жанкүйерлері арасында, «Велосипед спортынан олимпиадалық дайындық орталығы» РМҚК сыйлықтарына, «Velo life» жарыстары өтеді.

Жарыстың мақсаты: салауатты өмір сүру салтына шақыру, велоспортты жанкүйерлер мен ардагерлер арасында популяризациялау, сонымен қатар тректегі велосипед спортынан мықты жанкүйер-спортшыларды анықтау.

Жарыстарға 18 жасқа толған әйелдер мен ер адамдар қатыса алады.Жарыстарға қатысу үшін жеке куәлікті, дәрігердің рұқсаттамасын және орнатылған формадағы есімдік сұранымды тапсыру керек. Одан бөлек, қатысушыларда шлем, велосипедтік арнайы киім және құрылғысы істейтін, жарыс дисциплинарына байланысты таңдалған велосипед болуы керек.

Тректегі жанкүйерлер арасындағы «Velo life»  жарыстарына сұраным 20 қаңтардың 14:00-не дейін қабылданады. Сұранымдарды қабылдау келесі электронды мекенжай utegenov.b@mail.ru,  velotreksaryarka@mail.ru бойынша, немесе 70 71 52, 70 72 34; 8 701 511 11 50  телефондары бойынша жүргізіледі.

Барлық велошабандоздар велосипедті күту заттары, спорттық тауарларға сертификат, велоспортпен айналысу сабақтарына сертификат, сөмкелер, кепкалар, фляжкалар, қолғаптар, велошлемдер, велокомпьютер мен басты жүлде-демалысқа жолдама ұтыс ойындарына қатыса алады.

Бұл шараның ұйымдастырушысы «Велосипед спорты бойынша олимпиадаға дайындық орталық» РМҚК және көмекші ұйымдастырушы велосипедтік спорттың Қазақстандық Федерациясы болып табылады.

Жарыстың демеушілері: «Prime Development Сompany» ЖШС және «Winner» спорттық дүкені.

Өткізу орны мен уақыты: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 45А.

Мандаттық комиссия мен қатысушылар арасында жеребе тастау: 20 қаңтар, сағат 10:00-13:00.

Жарыс күндері: 20-21 қаңтар.

Аккредитация сұрақтары бойынша келесі нөмір арқылы забарласыңыздар: 70 71 52,  +7 775 826 76 79.

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: