Таеквондо белдігін тапсыру бойынша жыл сайынғы аттестация өтеді

11.12.2018

2018 жылдың 12 желтоқсанында мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалар арасында дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортқа баулу, олардың физикалық дамуын арттыру мақсатында «Сарыарқа» велотрегінде таеквондодан белдікті тапсыру бойынша жыл сайынғы аттестация өтеді.

Аттестацияға мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар, орталықтың тәрбиеленушілері, спорттық дайындығы белгілі бір деңгейге жеткен, таеквондодан теориялық дағдылары бар спортшылар қатыса алады.

Аттестацияның қысқаша бағдарламасы:

1) Жалпы физикалық дайындығы;

2) ПУМСЕ тапсыру;

3) Шайқасты тәжірибелі түрде жүргізу;

4) Теория.

2018 жылдың 19 желтоқсанында сағат 18:00-де «Сарыарқа» велотрегінің жекпе-жек залында атестатты тапсыру қорытындысына сәйкес, аттестаттаудан сәтті өткен қатысушылар анықталады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, таеквондо республикалық федерациясының  вице-президенті А.Чилманов және  орталықтың басшылығы атынан спортшыларға Грамота мен сертифакат салтанатты түрде табысталмақ.

Өткізілетін орны: Қабанбай батыр даңғ., 45А. «Сарыарқа» велотрегінің жекпе-жек залы.

Басталуы: сағат 18.00 – 20.00-де.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: