Велоспорттан ҚР Ұлттық чемпионаты өтеді

27.07.2018

2018 жылдың 29 шілде мен 3 тамыз аралығында «Сарыарқа» велотрек спорт кешенінде жасөспірімдер арасында велоспорт бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионаты өтеді. 

Аталмыш жарыста республикамыздың түкпір-түкпірінен келетін кілең мықты спортшылар өзара бақ сынамақ. 

Қазақстан Республикасы Чемпионатының ашылу салтанаты 29 шілде күні сағат 10:00-де басталады. 

Спорт сүйер қауым үшін кіру тегін! 

«Велосипед спортынан олимпиадалық

даярлау орталығы» РМҚК баспасөз қызметі 

 

Бөлісу: