Ғылыми- тәжірибелік конференция

14.06.2017

2017 жылдың 20- маусымында таңғы сағат 9-да «Сарыарқа» республикалық велотрегінің ғимаратында «Қазақстандағы спорт қызметіне психологиялық қолдау: мәселелері және шешу жолдары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны өткізу мақсаты: спорт психологиясының тәжірибесіне интеграциялануы үшін және спорт резервін жоғары жетістіктеріне дайындау үшін спорт қызметі психологиялық қолдау мәселелері бойынша нақты шешімдерді әзірлеу.

Қазіргі таңда конференцияны жүргізу барысында талқыланатын спорт психологиясының этнопсихологиялық аспекттері,талдау мәселелері және психологиялық диагностикалық құралдарды қолдану және басқа да бірқатар мәселелер мамандардың назарын алады.

Тәжірибелі спорт психологтары психолог мамандарының кәсіби құзыреттілігін, спорттың жоғары жетістіктерін, бұқаралық және балалар мен жасөспірімдерді психологиялық саралап қолдау мәселелерін талқылау үшін алғашқы рет бір ғылыми- тәжірибелік конференциясында ғылым өкілдері, үздік ЖОО бөлімшелірінің басшылары, спорт ұйымдарының басшылары мен менеджерлері бас қосты.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: