«Жастар ойындары 2017-нің» салтанатты ашылуы болады

18.05.2017

«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК спорт кешенінде 2017 жылдың 24-29 мамыр айының аралығында юниор ер балалар, юниор қыз балалар және 2001 жылы туылған боз балалар арасында «Жастар ойындары 2017» өтеді.

Тректе велосипед спортынан жарыстың мақсаты Қазақстандағы велосипед спортын дәріптеу, тректегі велосипед спортын дамыту және жас спортшылардың спорттық шеберлігін шыңдау болып табылады.

«Жастар ойындары 2017-нің» салтанатты ашылуы 2017 жылдың 25 мамырында 9:45-те болады.

Барша велосипед спортын сүйер қауымына кіру тегін!

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының баспа қызметі

Бөлісу: