"Қазақстан-спорт елі!»

28.09.2018

2018 жылдың 29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыра отырып, бұқаралық спортты дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдары арасында шағын футболдан, волейболдан, үстел теннисінен және шахматтан «Қазақстан – спорттық ел!» атты турнирі өткізіледі.

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттары, Халық қаһарманы, ғарышкер Айымбетов А.А., Астана қаласы маслихатының депутаты Гаипов З.С., ҚР тарихында Пара биден Тұңғыш Әлем чемпионы Тынабекова К.Н., грэпплингтен Азия чемпионы, ҚР тарихында грэпплингтен Тұңғыш Әлем чемпионы Абилкадирова А.Ж. және басқа да меймандар шақырылған болатын.

Жеңімпаздар дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Дереккөз: https://www.facebook.com/nurotan.birlik.rk

Бөлісу: