Үміткер Қ.Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бойынша кездесу өткізіледі

29.05.2019

2019 жылдың 31 мамырында «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз залында орталық қызметкерлерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясы атынан Қазақстан Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бойынша кездесу өткізіледі.

Үміткерді қолдау мақсатында аталмыш шараға қоғам қайраткері Әсима Бимендина, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Еркін Дүсіпов, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұналбаева, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы» ММ директоры Әмірхан Рахымжанов, мемлекет және қоғам қайраткері Зейнолла Алшымбаев қатысады.

Кездесу барысында Елбасы стратегиясының сабақтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін президенттік сайлауға қатысуға бел буған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы таныстырылады.

Басты қағидаттары: Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу.

Басты мақсат – қалың жұртшылыққа үміткердің сайлауалды бағдарламасын жіті түсіндіру. Сайлаушылар бағдарламамен таныса отырып, өздерін толғандырған тақырыпта ұсыныс-тілектерін білдіре алады. Алдағы уақытта бұл елдегі мәселелердің шешімін бірге табуға мол мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары «Нұр Отан» партиясы болып табылады.

Өтетін орны: «Сарыарқа» велотрегі, Қабанбай батыр даңғылы 45 А.

Басталуы: сағат 11:00-де.

БАҚ-да аккредиттеу сұрағы бойынша байланыс телефоны: 8 (7172) 70 71 52.


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі




Бөлісу: