Асық атудан «Алтын сақа» республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтті

01.12.2018

2018 жылдың 1 желтоқсанында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұлттық спорт түрі асық атудан «Алтын сақа» республикалық турнирінің ашылу салтанаты өтті. 

Турнирдің мақсаты – ежелден келе жатқан ұлттық ойынды дәріптеу, өскелең ұрпақты өнерге баулып, ұлттық құндылықтарды насихаттау. 

Жарысқа 60-қа жуық спортшы, соның ішінде Қазақстан құрама және облыстық командасының мүшелері және ойынға қызығушылық танытқан дайындығы, медициналық анықтамасы бар спортшылар қатысуда.

Жарыс барысында ойыншылар бестабан (ерлер), бес асық (әйелдер) ойын түрлерінен өзара бақ сынаспақ. Асығы алшысынан түсіп, мергендік танытқандар үздік атанатын болады.

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: