ҚР Президенті Жолдауы талқыланды

16.01.2018

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарда «Сарыарқа» республикалық велотрегінің конференц залында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылау бойынша «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК еңбек ұжымының жиналысы өткізілді.

Жиналысқа Кәсіпорынның 62 қызметкері қатысты. Еліміздің Президентінің Жолдауын талқылау бойынша спикер болып, Кәсіподақ төрағасы Абдрахманов Серік Жұмағазыұлы сөз сөйледі.

Елбасымыз өз Жолдауында «Бүгінгі таңда адамзат баласы жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне аяқ басты. Заманауи технологиялар әлемді өзгертуде. Жаһанды технологиялық ілгерілеулер дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашуда. Бұл - мемелекетіміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қарқынмен енуін қамтамасыз ететін тарихи мүмкіндік» екенін ашық жариялағанын айта кетеміз. Негізгі міндеттер:

Бірінші – Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

Екінші - Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

Үшінші – агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру.

Төртінші - Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

Бесінші - Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

Алтыншы - Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

Жетінші - Адами капитал – жаңғыру негізі.

Сегізінщі - Тиімді мемлекеттік басқару.

Тоғызыншы - Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Оныншы - «Смарт Сити» технологиясын енгізу өсіп келе жатқан қалалардың мәселелерін тиімді шешуге және инвестрлер үшін олардың ажарлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: www.khabar.kz

Бөлісу: